Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні! - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мерекелік кештің шымылдығын Сергей Гертердің жетекшілігіндегі халық аспаптары оркестрі, Балғаш Бекеновтің жетекшілігіндегі үрмелі аспаптар оркестрі және Ғалия Дүйсембаеваның жетекшілігіндегі хор ұжымы ашты. Мақтан тұтар оқушымыз Төлеутай Баянды Үсеновтің «Бабалар аманаты» әнін шырқап, оркестр, хор, әнші барлығы қосылғанда жиналған көрермен еріксіз музыканың құдіретіне бас иді. Халық аспаптары оркестрі мен үрмелі аспаптар оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» атты шығармасын тамылжыта жеткізді. Ақ жаулықты әжеміз шашу шашты.

Шырайлы шараны әрі қарай Аружан Бақытжанқызы «Наурыз» әнімен жалғап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Мектеп басшысы Бектөре Бөкенов құттықтау сөзінде мектебіміздің музыкалық ұжымына үлкен алғысын білдірді. Оқушыларымыздың өнеріне тәнті болғанын жеткізді. Мың бұралған биші қыздарымыз би билеп, Рустам Жүсіпов мен Расул Төлеубек «Жарай ма?!» әнін шырқаса, 12-сынып оқушысы Ернұр Жарболов «Сайра, бұлбұл» әнін орындады. Интернат тәрбиешілері – Анар Шекенова, Өрік Анафина, Әсем Бүргенбаева «тұсау кесу» салтын көрсетті. Ләйлә Қожатай мен Ажар Амангелді «Гүлдерайым» әнін, Аслан Төлеу «Ақ қурай» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қыдыр ата мен Наурыз қыз келіп, ақ баталарын берді. 9-сыныптың күйші ұлдары – Мағжан, Амангелді, Аңсар «Балбырауын» күйін күмбірлете ойнады. Сонымен қатар, мектебіміздің мұғалімдері – Г.Айсанова мен Ж.Аманжолованың ұйымдастыруымен «Қош келдің, төрлет, Наурызым!» атты мерекелік шара өткізілді. Шара Саққұлақ, Көлтаусар, Желаяқ, Таусоғар сынды ертегі кейіпкерлерімен басталды. Кішкентай әнші қыздарымыз – Тоғжан Тұрбек, Шұғыла Смахан, Әмина Таңатова «Наурыз Көктем» әнін орындады. Ертегі кейіпкерлері мен көктем аруы туралы көрініс қойылды. Ата-аналардың белсенділігі де ерекше болды. Әдиля Тоқтарбаева мың бұрала би билеп, мерекеге арнайы келген қария ақ батасын берді.

«Бесікке бөлеу» рәсімі көрсетілді. Арсен Ибраев пен Ақбота Байназар айтысқа түсіп, көрерменнің сүйпеншілігіне бөленді. Ақерке Қажкенова «Наурыз Думан», Аружан Уахит пен Айнара Еркінова «Құтты болсын, әз Наурыз!», Олжас Халелов пен Айбек Сәкен «Наурыз той» әндерін әуелетті. Самира Асубаева «Қаражорғаны», 3 сынып оқушылары «батырлар» биін, Жанерке Алпысбаева «Сарыжайлау» биін билеп, көрерменнің ықыласына ие болды. 4-сынып оқушылары – флешмоб көрсетті. Кештің шымылдығын Айым Бектұрсынова мен Шахназ Зәйкен «Мерекем» әнімен жапты.

 

А.ӘЛІМЖАНОВА,

облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының

қазақ тілі

мен әдебиет пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 185
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px