«Наздың» жұлдызы жанды - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылындағы Үштөбе орта мектебі оқушыларынан құрылған «Наз» бишілер тобы Алматыда өткен «Bravissimo» халықаралық байқауынан жеңіспен оралды. Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» залында өткен ән-би фестиваль-байқауында жүлделі 2- орын алып, кубокпен оралып, Санкт-Петербургта өтетін фестиваль-байқауға шақырту алды.

Фестивальде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар түрлі аталымдар бойынша өздерінің өнердегі шеберліктерін ортаға салып, көрермендерді ризашылыққа бөледі. Солардың ішінде «Наздың» жұлдызы жанып, абыройы асқақтады.

«Наз» бишілер тобы мамыр айының 1-3 аралығында Астана қаласында республикалық «Күн­шуақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Сәлем, Астана» ән- би фестивалінде де жүл­делі екінші орынға ие болған еді. Балғындардың бұл жеңісі – Үштөбе ауылы үшін үлкен мәртебе.

Кішкентай өнерпаздарды ән мен биге баулыған үйірме жетекшісі Майгүл Рымбекқызына мектеп ұжымы ғана емес, ата-аналар да шексіз риза.

Суретте: фестиваль жеңімпаздары жетекшісі Майгүл Рымбек­қызымен.

 

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2618
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px