Өнер иесінің озық үлгілері - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Өнер иесінің озық үлгілері
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»

Өсіп тұрған ағашты кесіп алсаң, өмірін тоқтатады. Оған жан берген – құдіреті шексіз Алла. Ал, сол ағашты әдемілеп қырнап, жонып әлдеқандай бұйым жасап шығарсаң, ол – өнер. Оны жасаған адам – мүсінші, өнер иесі деген сөз. Кеше ғана облыстық бейнелеу өнері мұражайында жеке көрмесі өткен суретші, аниматор-мультипликатор, график-режиссер, мүсінші, кәсіби фотограф және кино актері Берік ЖҮНІСБЕКОВ осы санаттағылардың бірегейі.

Астанадан келіп жеке көрмесін ұйымдастырып отырған бұл кісі – Нұра ауданы, Қантай ауылының тумасы. Қазақ өнеріне бір адамдай еңбегі сіңген екен. Көрмеде жерлесіміздің графикалық жұмыстары, мүсіндері, фотосуреттері, аннимациялық фильмдері және оның кино мен теледидардағы жұмыстары көрсетілді. Берік Айдарұлы Алматыдағы Гоголь атындағы сурет училищесін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын компьютерлік-графика режиссері мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық жолын суретші болып бастаған ол заман талабымен анимация, киноөндіріс және жаңа технологиялар әлемін игеріп, компьютерлік графика мүмкіндіктерімен жаңа белеске көтерілді.
30 жылдан астам уақыт шығармашылықпен айналысып келе жатқан жерлесіміздің фильмдері мен мульт­фильмдері және жасаған мүсіндері өзінің талай шығармашылық кештеріне арқау болған. 1994 жылы Алматы қаласында Кино үйінде жеке көрмесі өтті. 3D (үш өлшемді) компьютерлік анимациялық  роликтер, фильмдер жасауға ат салысты.
Қазақстандағы үш өлшемдік анимацияның дамуының бастауында тұрғандардың бірі – осы Берік ағамыз. 2000 жылы ҚР Президенті Телерадио компаниясының шақыртуымен бейсызықтық монтаждауды құрастырумен ел аймақтары туралы деректі фильмдерді жасауға қатысты маңызды мемлекеттік іс-шараларды алып жүрді. Отандық «Қазақстан», «Хабар» арналарындағы алғашқы бейнекескіндер (видеозаставкалар) Берік Айдарұлы жұмыстарының нәтижесі. Сөйтсе де, өзі «анимациядағы әлемдік тенденциялардың дамуын қалт жібермей көріп отырамын» дейді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 170
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px