Профессор атанды - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

 Профессор атанды
Жұлдыз ТОЙБЕК,                                                                                             
«Орталық Қазақстан»
Халқына қасиетті қаламмен қызмет етіп келе жатқан Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Конгресінің лауреаты, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Мұхамедқали Баймұханов сонау ықылым заманнан бергі ата-бабалардан қалған асыл мұраны насихаттауда, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде әрдайым өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүр.
Оның қаламынан туған шығармалары, теледидар хабарлары ұлттық рухты насихаттауда парасаттылықпен  ұштасып  жатады. Жазушы-журналист Мұхамедқали Баймұханов қалам тартпаған өміріміздің, тұрмысымыздың сан-саласы кемде кем.
Жуырда тағы да қуанышты хабар жетті. ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ экономика консалтинг университеті ғылыми кеңесінің шешімімен Мұхамедқали Баймұхановқа гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры атағы берілді.
Қашан да қарапайым, кездескен жанды бауыр тартып тұратын Мұхаметқали Баймұхановты жаңа жетістігімен құттықтаймыз, алдағы кезеңде де шығармашылық биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 333
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px