Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері! - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қазіргі қоғамда радио, телеарна, ғаламтор, телефон және жерсерік байланысы, мерзімді және электрондық басылымдар ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік басқару мәселелерінің шешімін табуға да зор үлес қосады.

Бұл мереке көптеген мамандардың – журналистердің, баспа қызметкерлерінің, полиграфистердің, телеарна, байланыс қызметкерлерінің басын бір арнаға тоғыстырады. Шығармашыл еңбектің иелері бірыңғай ақпараттық кеңістікті орнату арқылы азаматтық пікірді қалыптастырып, қоғамдағы жасампаздық үрдісіне тіреу болады.

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері, Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде, қоғам өңірдегі, мемлекет пен әлемдегі жаңалықтардан дер кезінде құлағдар болады. Ғаламдық саяси және экономикалық үрдістермен танысады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарының қуатты күш екендігін үнемі еске салады. Олар адамдар арасында сенім ұялатып немесе үрей тудырып, адамдарды жақындастырып немесе өзара алшақтататын күшке ие. Сондықтан, қоғам алдындағы өздерінің ерекше жауапкершілігін сезінулері қажет.

Қарағанды облысындағы алдыңғы қатарлы сандық және ақпараттық технологиялардың көкжиегі кеңіп, дамып келе жатқандығы қуантады. Сіздердің салада нағыз шеберлер мен өз ісінің білгірлері еңбек етуде.

Сіздердің шынайы әуесқойлықтарыңыз, шығармашыл қадамдарыңыз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, жағымды жаңалықтар, сәттілік, қырағы оқырман, қадірлі тыңдарман және бөгетсіз байланыс тілейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың

хатшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 861
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px