Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері! - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздің мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосылған орасан үлесті риясыз мойындау. Сіздердің мерекелеріңіз өнерге өмірін арнап, халқымыздың ұлы мәдени мұраларын сақтап, арттырушы, шығармашылыққа махаббат пен құрмет-қошемет сезімін қалыптастырушы барша қауымға ыстық ықыласымызды білдіруге жақсы себеп болып отыр.
Қарағанды облысы өзінің таланттарымен, бай мәдени дәстүрімен даңқы шыққаны мәлім. Біздің аймақ мәдениетті сақтаушы, әрі жасаушылардың сарқылмас қайнар көзі. Мәдениет өзара түсіністікке халықтар арасындағы диалогқа жол ашады, ұлтаралық келісімнің нығаюуына ықпал етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің, білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңіздің арқасында, бүгінде ұрпақтар арасында үзілмес сабақтастық қамтамасыз етілді, мәдени өсудің жаңа мүмкіндіктері пайда болуда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.
Біз облысымыздың мәдениетіне қамқорлық танытып жүрген қауымға жылы лебізімізді жеткіземіз.
Әсіресе, туған өңіріміздің мәдени  бастауында тұрған және оның жазбасына ұмытылмас парақтар қалдырған сала ардагерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, игілік пен жарқын шығармашылық табыстар тілейміз!
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Р.ӘБДІКЕРОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 246
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px