Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 24.04.2017
Саңлақ әнші Сержанға дауыс берейік!
Қазақ радиосы «Дала дауы­сы» атты Халықаралық ра­дио­фестивалін ұйым­дас­тыр­ған болатын. «Дала дауы­сы» фестивалін ұйымдас­ты­ру­шылар:
– «Дала дауысы  – 2012» әр жылдардағы қазақ әні­нің фес­тивалі ретінде ой­лас­ты­рылған жоба. Оның не­гі­зінде қазақ әнінің халық­ара­лық деңгейдегі за­ма­науи, бә­секеге қабілетті төл­ту­малық дыбысын наси­хат­тау», – дейді. 
Әншілердің эфирге шы­ғатын уақыты күн сайын 08:45, 13:07, 20:10-да. Осынау дүбірлі фестивальге  Қарағандыдан Қа­ли Байжанов атындағы кон­церттік бірлестіктің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер кол­­леджінің ұстазы Сержан Мұ­сайын қатысып жатыр. Ар­қаның арқалы  әншісі бірнеше дүркін өнер додасында озып келіп, бас бәйгені бер­меген. Республикалық Ж.Еле­беков атындағы, Мәди атын­да­ғы, Қасым Аманжолов атын­да­ғы конкурстардың бас бәй­гесін жеңіп алған. Рес­пуб­ли­ка көлемінде ғана емес, Ха­лықаралық «Шабыт» жас­тар шығармашылығы фес­тивалінде де бас бәйгені қан­жығасына байлаған. 
Осынау «Дала дауы­сы» фес­тиваліне қатысушы­лар­дың арасында «Музарт» тобы, Әлішер Каримов, Маржан Арап­баева, «Жігіттер» тобы, До­сымжан Таңатаров сияқты өнер жұлдыздары  да жетерлік.  Бүгінде сынға түскен 40 шақты әнші төрт ондыққа бөлінген. Біздің әнші бауырымыз екін­ші ондықта. Ендеше Сары­арқаның саңлақ әншісінің жұл­дызы жарқырай түссін десек, Сержан Мұсайынға бір кісідей дауыс берейік! Дауыс беремін деушілер:
http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/more/daladauysy  сайтын ашып, екінші ондықта тұрған «Сержан Мұсайын»  есімін басу керек. Іске сәт!
 Пікірлер: 1
 Оқылған: 848
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1152
count 88x31px