Сағыныш жылдардың жинағы - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Институтта оқып жүрген кезінің өзінде Алаш ардақтылары – академик Әлкей Марғұланмен, партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновпен, ақын Олжас Сүлейменовпен, ғалым, жазушылармен болған кездесулер туралы, қазақ телестудиясы жас ақындарды шақырып, өткізген шығармашылық кеште танысқан Мұхтар Шаханов, Төлеген Айбергенов, Ақұштап Бақтыгереева жайлы әсерлерін қойын дәптеріне жазып жүретін жас талант осы жазғандарының пайдасын көретіндігін сезген болар. Сезім толқынында жүріп жазған өлеңдерінің бір тобы «Балауса» атты республикалық жыр жинағына енген екен. Біразы «Лениншіл жас» газетінде жарияланған.

Ерғазы Сәдуақасұлы Алаштың асыл азаматтарын халыққа таныту мақсатында новеллалар, деректі әңгімелер, биографиялық мақалалар, поэма, өлеңдер жазды. Табиғи дарын тарланы – Әбдінің Омары, Мәжікен батыр – металлург, Социалистік Еңбек Ері, Зейнолла Исағұлов – подполковник, профессор, ғұлама жазушы Ғабит Мүсірепов, Евней Бөкетов, Базарбай Жұманиязов, Жаппар Өмірбеков – ақын, Қапан Сатыбалдин – драматург, жазушы, Нөсербай Асылбеков – дәрігер, доцент, тағы көптеген зиялы қауым өкілдерін оқырмандарға таныстырды.

Мұнымен қатар, «Шоқ жұлдыздар» атты кітабында Қапан Сатыбалдин, Жаппар Өмірбеков, Ғабит Мүсірепов, Зейнолла Сейсембеков, Мәди Ағыбаев, Досбек Адамбеков, Әбілда Әлімбаев, Қайыржан Бекішев, Нөсербай Асылбеков, Шаймаған Серікұлы сынды атақты тұлғалармен кездескен сәттері туралы мол мағлұмат берілген. Алаш ардақтыларының қасында жүріп, қолдарына су құйып, қызмет қылған сәттері өте қызықты, әсерлі жазылған. «Әлі күнге дейін сол ағалардың арқамнан сипаған аялы алақандарының табын сезініп жүремін» дейді сол ағалары есіне түскенде. Ардақты ағаларының тәлім-тәрбиесін, үлгі-өнегесін, ғибратты сөздерін естіп өскен Ерғазының бұл кітабы сол сағыныш жылдардың жиынтығы іспетті. Кітапта ақпарат айдынында әрдайым алғы шепте жүретін қалам иесінің бастан кешкен әрі бұқара назарынан тыс қалған қызықты оқиғалары мен хикаялары қамтылған. Сонысымен құнды. Жеңіл оқылады.

 

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 755
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px