Шәкірттерге сый ұсынды - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Балаларды қорғаудың халықаралық күні – бұл, алдымен, балалардың өмір сүруге, пікірін айтуға және діни бостандыққа, білім алуға, демалуға және көңіл көтеруге деген құқығын, зорлық-зомбылықтан, балалардың еңбегін қанаудан қорғануға деген құқығын сақтауды және әділ қоғам құруды талап етеді.

Мемлекет қоғамда балаларды толық құнды өмірге дайындаудың басымдықтарын ұстанады. Балаларды патриотизмге және азаматтықта тәрбиелеу керек екенін жақсы түсінеді.

Жуырда Саран, Шахтинск қалалары, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары Қабылқайыр Медеубаев, Мәдениет Сатыбалдин, Алексей Ефанов Саран қаласындағы №5 мектеп-интернатының оқушыларын Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады. Балаларға канцеляриялық, спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Мектеп-интернатының оқушылары өздерінің қолөнер көрмесін көрсетіп, қонақтардың құрметіне концерт ұйымдастырды. Мектеп ұжымы демеушілерге дән риза.

 

Айгүл ӘУБӘКІРОВА,

№5 мектеп-интернатының

 директоры.

САРАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 349
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px