Шеттегi шырайлы шара - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Егемендігіміздің ең басты нышаны, мәртебеміздің асқар биігі Елордамыз – Астананың туған күнін ауданымыздың жұртшылығы да кең көлемде атап өтті. Бұл мереке – барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі.

Мерекелік шараны көпшілік асыға күткен екен. Көптеп жиналды. Демалыс саябағы мерекеге сай безендіріліп, Астана туралы әуезді әндер тамылжыды. Айт күнімен орайлас келген салтанатқа келушілер біріне-бірі құтты болсын айтысты.

Аудан әкімі Марат Жандәулетов: «Астана күні жыл сайын асыға күтетін ұлттық мерекеге айналды. Aстана – біздің еліміздің жарқын болашаққа жасаған қарышты қадамының белгісі. "Юнеско-ның" бейбітшілік қаласы» мәртебесін иеленген Астана – барша қазақстандықтардың мақтанышы» дей келе, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген мерекедегі ақжарма тілегін арнады.

Сондай-ақ, аудан әкімі ауданымыздың экономикасы мен мәдениетін дамытуға белсенді үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдеріне марапаттар тапсырды.

Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен – аудандық орталық аурухананың бас экономисі К.Сқатаева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас есепшісі Қ.Кемелова, Ж.Ақылбаев атындағы экспериментальдық мектеп-гимназиясының мұғалімі М.Жұмағұлова, аудандық археологиялық-этнографиялық мұражай есепшісі Д.Жаңбырбекова, аудан әкімінің Алғыс хатымен Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының коменданты М.Медеуов, халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті аудандық №1 бөлімінің қызметкері М.Шәкетаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Т.Ошанова марапатталды.

Астананың көркейіп, гүлденуіне біздің ауданымыздың құрылысшылары да өз үлестерін қосуда. Құрылыс саласында жұмыс атқарып, өз үлесін қосқан Ризабек Түсіпбеков, Астанада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысып жүрген «Бастау» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Жолданов пен «Ернат» шаруа қожалығының жетекшісі Еркінтай Бөртебаевқа, Астанада өткен республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүрген спортшы Айдын Дәртаевқа да аудан әкімінің Алғыс хаты салтанатты жағдайда табысталды.

Мерекелік іс-шарада жасөспірімдерге жеке куәліктері, естелік сыйлықтары да тапсырылды. Астана күніне орай, «Әсем қалам – Астанам!» атты сурет байқауы мен спорттық шаралардың да бәсекесі қыза түсті.

Аудандық мәдени-сауық орталығының өнерпаздарымен қатар, түрлі ұжымдардың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік шара кешке дейін жалғасты. Астананың туған күні шын мәнінде барша халық мерекесі, мемлекеттің жетістіктерін паш етудің күні болды.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2423
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px