Сипаты – кең көлемді - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Мейрам күні орталық алаңда 15 киіз үй тігіліп, еңбек және соғыс ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, ардақты аналар мен көп балалы аналарға, жалпы есебі 370 адамға мерекелік дастарқан жайылды. Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мүгедектерге, жалғыз басты аналар үшін де мерекелік ас ұйымдастырылып, оның ішінде, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топ санатына жататын 50 адамға қаппен ұн және құны 3000 теңгені құрайтын азық-түлік себеттері таратылды.

Мәдени-сауық орталығы алаңында «Жаңаарқа – наурыз­нама – 2016» театрлан­дырылған қойылымы, «Наурыз – гүл көктем» атты мерекелік концерт, «Ең үздік ұлттық тағам» сайысы, «Бауырсақ фестивалі», мерекелік сауда, «Ауыл – береке» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шаралардың басталғаны паш етілген сәтте сахна төріне көтерілген аудан әкімі Ғабдрахман Омаров қалың қауымды ақжарыла құттықтап, бейбітшілік пен бірлік, мол несібе, әр отбасына сарқылмас қызық-қуаныш тіледі.

Сол күні спорт жанашырлары да қызыққа кенеліп бақты. Қазақ күресі, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрестіру, асық ату және «Көңілді старт» тәрізді спорттық сайыс­тар­дың жеңімпаздары мен жүл­дегерлері анықталып, марапатталды.

Осы тектес тартымды іс-шаралар барлық ауылдық ок­ругтерде ұйымдастырылды.

 

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 196
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px