Түркі жұртының түп қазығы - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Атақты Орхон-Енисей жазбаларының маңыздылығы тасқа қашап жазылуында ғана емес, сол замандарда өзге де өркениеттермен тең тұрып өмір сүрген мәдениеттің, жазудың бар болғанын айғақтауында. Бабалардан қалған құнды мұра – көне түркі жазуы бүгінгі ұрпақты біріктіретін, ынтымаққа жетелейтін шамшырақ іспетті. Ортақ жазуын танып, қастерлей білген халық ортақ тарихына да тағзым етіп, әлемдік қауымдастықта бір-біріне сүйене отыра ортақ жол таңдайтын болады.

Мәдениет үйінің фойесінде жас­өспірімдерге қызмет көрсететін №2 кітапхана филиалы «Түрік жазбалары – өркениеттің негізгі өлшемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кеш шымылдығын мың бұралған «Улыбка» үлгілі ән-би ансамблінің бишілері «Дала сазы» композициясымен ашты.

Құттықтау сөзді «Идел» Татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Суфия Сатретдинова айтып, «Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы Б.Нұртаеваның Алғыс хатымен марапатталды.

Концерттік бағдарламаны «Әжелер» вокалдық тобы жалғап, «Жас толқын» қазақ би ансамблінің орындауындағы «Ұйғыр биі» кештің ажарын ашты. Астана қаласында өткен «Музыка әлемі» республикалық телевизиялық байқауында жүлдегер атанған «Күй керуені» домбырашылар ансамблі халық күйі «Қара жорғаны» Санжар Ашкеновтың жетекшілігімен әсерлі орындап шықса, бағдарлама барысында «Вдохновение» соғыс және еңбек ардагерлері хоры «Жас дәурен» әнін шалықтата шырқады.

Барша түркінің қара шаңырағы – қазақ байтағында басталған ұлы мереке ұзамай түгел ұлысқа ортақ мереке боларына бек сеніммен қарағанымыз жөн.

Р.АҒАЙДАРОВА,

«Молодежный» мәдениет үйінің әдіскері.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 413
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px