Танымды шаралар молая тїсуде - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №8 кітапхана-филиалы Майқұдық тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның кітап қоры 11 мыңнан асады. Мыңнан астам тұрақты оқырманы бар. Олардың ішінде №13, 74 орта мектептерімен және «Ақниет» аула клубымен тығыз байланыста.

 

Мәдениет ошағы патриоттық, өлкетану, салт-дәстүр, экологиялық, салауатты өмір салты және басқа да бағыттарды насихаттаумен қатар, «Кітапхана – қарттарға» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Кітапхана меңгерушісі Гүлнар Қарағонысованың айтуынша, барлық мереке, айтулы күндер ескерусіз қалмайды.

– Түрлі тақырыптағы іс-шаралар дәстүрлі және жаңаша бағытта тұрақты өткізіліп тұрады. Танымдық, мәдени-әдеби кештерге қарт оқырмандарымызды жиі шақырамыз. С.Мұқышев, Т.Тыныбеков, Д.Іңкәрбаева, Ү.Асқарова сынды ата-әжелеріміз үнемі келіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеді,– дейді Г.Қарағонысова.

Мәселен, жақында ұйымдастырылған Ж.Жабаевқа арналған «Жыр атасы – Жамбыл», Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына орайластырылған «Бар ғұмырын Тәуелсіздікке арнаған» атты мәдени шаралар тартымды өтті. Мәні мен мазмұны терең кездесулердің оқырманға берері мол.

Оқырман қатарын арттыру үшін түрлі шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда жастарға жазғы демалыстарын пайдалы да қызықты өткізуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2631
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px