Жүректерге нұр сеуіп... - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Алдымен, Наурыз қыз әжесімен бірге қонақтарға арнап той шашуын шашты. Көпшілік 4 сыныптың мың бұралған бишілерін «Көктем», «Хафиз» биімен қарсы алды. Жалпы, мерекелік кеште ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, ән шырқалып, би биленді.

Сахнаға Қыдыр ата келіп «Ұлыстың Ұлы күнінде – ұлың оңға қонсын. Қыруар малың өріске толсын, Елдеріңнің іргесі берік болсын, Өмірлерің көңілді болсын» деген бата-тілегін арнады. Жер-ананың кейіпкері Аластау ырымын жасап, ел мен жерге жақсылық тіледі. Күн мен Түннің кейіпкеріне енген оқушылардың сахналық көрінісі, мерекеге арнап жатқа оқыған өлең шумақтары көптің көңілінен шықты. 3 «А» сыныбының оқушысы Лиана Хасентаева «Наурыз тойы» әнін орындап, ата-ананың қошеметіне бөленді.

Жалпы, мектеп оқушыларының қазақы салт-дәстүрді жетік меңгергені қуантты бізді. Ұлттық ойындар ойнап, өздерінің ептілігін көрсете білген олар – асық ойынына тез араласып кетті. Кеш соңында бәрі бір ауыздан «Сағынтып келген жыл басы, Бізбен бірге жырлашы, Дастарқанға елімнің, Береке, ырыс сыйлашы» деген ізгі тілек айтты. Оларға арнап, мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері «Наурыз көктем» әнін орындап, «Қаражорғаны» биледі. Бұл ретте, шараға белсенді атсалысқан бастауыш сынып мұғалімдері А.Омарбекова, Б.Әбдіғалиева, А.Қарашина Т.Әбішева, К.Дүй­сенқұлова, Г.Мұсаева, М.Әміртаева, С.Тілеухан, А.Масаинова, А.Канафинаны атап өткен жөн.

Мейрамға арналған кеш соңында дәстүрімізде бар Тұсаукесер рәсімі жасалды. Наурыз тойы – шаттық тойы екені ескеріліп, қазақтың ұлттық ойыны – Қыз қуу назардан тыс қалмады. Жиналғандарға ақ әжелер Наурыз көже ұсынып, мейрамға жайылған ақ дастарқанға шақырды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 210
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px