Жаңа күн реңімен жарасып... - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Іс-шараның салтанат­ты ашылу рәсімінде жаңа күн реңімен жандары жарасқан жұртшылықты аудан әкімі Қайрат Шайжанов құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Қазақ халқының ұлт­тық салт-ғұрыптарын ай­шықты түрде қамтыған «Төр­лет Наурыз – Жыл басы!» театрландырылған қойылымы, мерекелік кон­­церттік бағдарлама ме­рейі тасыған елдің кө­ңіліне қонымды болды. «Дәмді Наурыз» қайы­рымдылық акциясы аясында өткізілген «Наурыз көже», «Бауырсақ-шоу», «Құймақ-шоу», «Хош иісті кесе», «Ақмаржан палау» іс-шаралары мазмұнының тартымдылығы, сипатының ерекшелігімен есте қалды.

Киіз үйлер төңірегінде «Үздік киіз үй», «Ең үздік дастарқан», «Ұлттық ки­ім», «Алтын ине» және «Веселая частушка» ата­лымдары бойынша бә­секелі байқаулар ұйым­дастырылып, жеңім­паздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарды иеленді.

Мерекелік сауда алаң­ында халықтың қарасы мол болды. Сөз реті келгенде сол күні аудандағы барлық сауда орындарын­да алғашқы кезектегі тұ­тыну тауарларының ба­ғасы 15 пайызға дейін арзан­датылғанын атап өткен жөн.

Атаулы күннің, әрине, спорттық сайыстарсыз өт­пейтіні белгілі. Со­ған орай, балалар мен жас­өспірімдердің спорт мектебі ғимаратында қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан жалаулы жарыс өткізілді. Бабы келісіп, бағы жан­ғандар жалпы сомасы 90 мың теңгені құрайтын жүлде қорын өзара бөліске салды.

Аудан орталығындағы секілді барлық кенттер мен ауылдық округтер­де ұйымдастырылған іс-шаралар жергілікті тұр­ғын­дардың мызғымас дос­тығы мен келісті келісімін одан әрі нығайта түсуге әсер еткені анық.

 

ОСАКАРОВ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 188
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px