Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.12.2018

Жаңа жыл - хикаялар әлемі
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында дәстүрлі «Жаңа жыл – хикаялар әлемі» атты ертеңгілік өтті. Осы жолы Жаңа жыл шыршасына «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Балалар Аяз Ата мен Қарша қызбен қол ұстасып, әндетіп, ойын ойнады. Ертегілер кейіпкерлері – сұлу қыз Қарашаш, Қылжақбас, Аққала, Батырмен бірге әртүрлі сындардан өтті. Кетіп бара жатқан Жылқы  жылы баршаға бақыт тілеп, балаларды бәйгіге қатысуға шақырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға көңілді сәттерді сыйлау. Сол күні балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Балалар Жаңа жылмен кездесіп, Аяз Ата мен Қарша қыздың Мұз сарайына жетіп, сиқырлы хикаялар сонда жалғасты. Балалар шырша, Жаңа жыл туралы өлең айтты. Аяз Ата барлық балаларға  сыйлықтар сыйлады.
Кітапхана әкімдігінің атынан балаларға қосымша сыйлық ретінде - үйде оқуға арналған кітаптар жиынтығы берілді. Мереке соңында балалар тәтті тағамдармен шай ішті. Жаңа Жылдық бағдарламаға арналған мультфильм кейіпкерлерін үлкен теледидар экранынан тамашалады.
Балалар  ертегілер кейіпкерлерімен бірге естелік суретке түсіп, 2015 жылы – Жаңа жылда тағы кездесеміз деген үмітпен тарасты

Н.ЖАЙЛЫБАЕВА,
Абай атындағы облыстық
балалар кітапханасының директоры.
Қарағанды қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 696
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1267
count 88x31px