Жарастықтың жайдары лебі - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жарастықтың жайдары лебі
Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»

Ізгілік пен ізеттің байлауындағы ілкі шараның бірі Алғыс айту күнінде Қарағанды гуманитарлық колледжінде ұйымдастырылды. Ай мен күннің нұрына малынған адамзаттың алтын бесігі – Қазақстан осы дегізгендей бұл күні аталған оқу орнына облыстың этно-мәдени бірлестігінің өкілдері ат басын тіреп, жайдары жарастықтың шамын жақты десе болғандай.
Атап айтқанда, мұнда «Рідне слово» Т.Шевченко  атындағы украин тілінің бірлестігі, «Идыль» Татар-Башқұрт мәдени орталығы, Мовлди Абаев және Зиявди Докаев «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының мүшелері  сондай-ақ, осы оқу орнының құрметті демалыстағы ұлағатты ұстаздары Сара Мұқанова мен Диана Дороватовская қонақ болды. Алғысқа толы алғашқы ақ тілекті колледж басшысы Есжан Әміров айтып, игі шараны ізгі ниетімен көмкерді.
Мерекелік концерт бағдарламасында қазақ, орыс, еврей, сыған, тәжік, польша халықтарының  әндері шырқалды. Қонақтар қазақ, украин және татар тілдерінде өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға облыстық білім басқармасының бас маманы Алтай Рахымберлин және қарағандылық жас ақындар қатысып, ізгі ниеттерін білдіріп, өлеңдерін оқыды.
Мереке қарсаңында колледжде Қарағанды облысының Кіші Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі студенттерінің арасында өткен «Ұстазыма рахмет!» атты көркемсурет байқауы да өз мәресіне жетіп, думанды кештің мәнін арттыра түсті. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 244
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px