Жауқазын жырымен – жүлделі орында - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жауқазын жырымен – жүлделі орында
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жуырда Елордадан сүйіншілі хабар жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Астана күні құрметіне арналған «Азаттық аясында» республикалық жыр мүшәйрасында қарағандылық жас ақын Әсет АМАНЖОЛОВ жүлделі орынға ие болды.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы өткізген дәстүрлі додаға еліміздің түпкір-түпкірінен жүзге жуық үміткер қатысыпты. Мүшәйра шартына сай, барлығы да Тәуелсіздік тақырыбын жырлаған.
Қазылар алқасына Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Қажығали Мұхамбетқалиев төрағалық еткен.
Әсет Аманжоловтың қанжығасында – үшінші орын. «Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат» өлеңі жүлдеге лайық деп танылған. Ал, марапаттау рәсімі Астанадағы «Жастар» сарайында 1 шілде күні өтеді.
Облыстың тілдерді дамыту басқармасында жемісті еңбек етіп жүрген Әсетке жүлде құтты болсын айттық!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 621
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px