Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 25.06.2018

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында кәсіби шеберлікті анықтайтын «Жыл кітапханашысы - 2015» облыстық байқауының шешуші айналымы өтті. Байқауға Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Балқаш, Абай қалалық, Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Шет, Бұқар жырау аудандық кітапханалары қызметкерлері қатысты.

 

Қатысушылар жас буынға қызмет көрсететін балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының кітапханашылары арасында «Тәжірибе мен кәсіпқойлық», балаларға қызмет көрсететін көпшілік кітапханалардың кітапханашыларына қатысты «Жаңашылдық пен креативтік», аудандардың орталық кітапханаларының кітапханашыларына арналған «Шығармашылық пен ынталылық» атты номинациялар бойынша сынға түсті.

Байқауға Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры Нұржамал Өтегенқызы, Қарағанды қаласының ОКЖ-ның әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сәуле Еркебайқызы, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының кітапхана меңгерушісі Гаухар Нұрланқызы, ҚарМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Айдарбекқызы қазылық етті.

Бірінші айналымда кітапханашылар «Іскер қолтаңба» тақырыбында көрерменге өз кітапханаларын таныстырды. Сайыстың екінші «Қоғамға қажетті кітапхана» айналымында өлкетану, денсаулықты қорғау, яғни, түрлі бағыттағы жобаларды насихаттау бойынша балаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру түрлерін көрсетті.

Сайыстың соңғы«Жұлдызды сәт» айналымында кітапханашылар кітапханалық терминдер, КБЖ, құжаттарды библиографиялық сипаттау бойынша білім деңгейін көрсетті.

Байқау нәтижесі бойынша Жезқазған қаласының ОКЖ жанындағы БЖК кітапханашысы Жанар Жұмабекқызы «Тәжірибе мен кәсіпқойлық» номинациясын, Теміртау қаласының ОКЖ №6 балалар филиалының кітапханашысы Ольга Александровна «Жаңашылдық пен креативтік» номинациясын, Бұқар жырау ауданының ОКЖ балалар кітапханасының аға библиографы Оксана Владимировна «Шығармашылық пен ынталылық» номинациясын жеңіп алды.

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен, Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

С.ЖҮСІПОВА,

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының

қызметкері.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 616
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px