Алғыс арқалаған - арымас - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Алғыс арқалаған - арымас
Денсаулықтан қадірлі не бар дейсіз?! Жан тәтті, бас ауырып, балтыр сыздаса ақ халатты абзал жандарға жүгінесің. Бір Алладан, одан кейін дәрігерлерден үміт күтесің. Сексеннің сеңгіріне шықтым, соғыстың соңғы жылдарында өгіз арбаға отырып, шөп шаптық. Тыңайған жерді игеріп, егін салдық.  Одан кейін «коммунизм» заманын көріп, ел қатарлы еңбек еттік, шүкіршілік. Тәуелсіздік бесігінде ұрпағыммен бірге тербеліп, рахат ғұмыр кешіп жатқан жайым бар.
Еске түсірейін, 2013 жылы қатты ауырдым. Алматы, Астанаға дейін барып қаралдым. Нәтиже болмады. Үмітімді үзбей облыстық онкологиялық диспансерге тексерілдім. Нәтижесінде, ішектен қатерлі ісікті тауып, өткен жылдың желтоқсан айында ота жасалды.
Ондағылар ем-домын жасап, айығуыма бар іс-тәжірибесін, білім-біліктілігін жұмсады. Қазір бала-шағамның ортасындамын. Мен көпті көрген ақсақал ретінде осы мекеменің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Мұратбек Жұмақаевқа, бірінші санатты дәрігер Наталья Целикова, аға медбибі Рысты Әбдіноваға, басқа да аты аталмаған қызметкерлерге шексіз ризашылығымды білдіремін.  
Медбибі ауруханадағы барлық «қара жұмысты» атқарады. Сырқатқа тәулік бойына ем жасау,  үнемі бақылап, қадағалау солардың мойнында. Рысты Нұрғалиқызының жас та болса іскерлігіне, біліктілігіне риза болдым. Биязы мінез, қазақы болмыс, үлкенді құрметтеп, сыйлай білу Рысты Нұрғалиқызына тән қасиет екен. Төл мерекесінде халыққа абыройлы қызмет етіп, алғысқа бөлене беріңдер демекпін.

Әжібек ДАУЫЛБАЕВ,
тыл және еңбек ардагері.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 479
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px