Ғасыр қариясына ота жасалды - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Таяуда Қарағандыда 101 жастағы Шәукей ЖҰҚАНҰЛЫНА ота жасалды. «Отаның сәтті өтуіне алдымен Жаратушы Алла, содан кейін профессор Х.Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығының ақ халаттылары себепкер»,– дейді қария.

Оқыс жағдайдан бұрын Шәукей Жұқанұлы есік алдында немерелерін ойнатып отырған. Кенеттен басы айналып, құлаған. Дәрігер шақыртқан соң, хирургтың тексеруімен жамбас сүйегінің сынғаны анықталған.

Берік ТӨЛЕУБАЕВ, профессор Х.Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығының емдеу ісі бойынша директорының орынбасары:

Біз – 98 жасқа дейінгі пациенттерді емдеп келеміз, алайда 101 жастағы пациентке ота жасау алғаш рет орын алды. Қазір пациенттің жағдайы жақсы, аяғынан басып жүре алады. Біраз ем қабылдау шараларынан соң, 20 шілде күні шығаруды жоспарлап отырмыз.

Қарияның ғасыр жасаудағы құпиясымен бөліскен 70 жастағы ұлы Жанат Шәукейұлының айтуынша, ақсақал бұған дейін ішімдік атаулыға әуес болмаған. Өзінен жасы кішілермен де «Сіз» деп сыпайы сөйлесу әдеті. Үнемі жаяу жүреді екен.

Бүгінгі таңда 47 жыл шәкірт оқытып Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім атанған Шәукей ақсақал Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында ортаншы ұлының қолында тұрады. 23 немере, 27 шөбересі бар. Неменесіне арнап жазған «Тәбәрік» кітабының авторы. 1915 жылы туған ақсақал қазіргі таңда өзі ем алып жатқан орталықтың есімі берілген профессор Х.Мақажановпен құрдас екен.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2555
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px