Бас дәрігер - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016


Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Оның ертеңгі алаңы жоқ болып көрінетін. Әкесі Мәжит Қиманұлы бұл өңірге белгілі тұлға. Қазақстан Магниткасының негізін салушылардың бірі, кәсіби партия қызметкері. Анасы Ділда Үмбетқызы халық педагогикасымен сусындаған нағыз ұстаз-ды. Мұндай адамның табиғаты қашанда жұқа, жұмсақ келеді ғой. Соған орай анасы бауырмал, емініп тұрады. Әкесінің сырт қаталдығы болғанымен, іші өзі дегенде уылжып-ақ тұрады. Өзіне салса «соғыс көрді ғой» деп тігісін жатқыза салады.
Айтып отырған алаңымыз мамандық таңдау жөніндегі шығармадан басталған. Барша құрбылары сынды ғарышкер болғысы келеді. Әкесінің ыңғайымен болатшы болғысы да бар. Алайда, өзін соғыс көрген әкесінің денсаушылығы мазалай берген.
Соғыс жаңғырығы үзілмейді деген бір әңгімесінде әкесі.Сол әңгіме құлағында мәңгіге қалды.
Сол әңгіме мұны Қарағанды медицина институтына жетелеген. Бұл оқу орны ол тұста Одақтың өзінде жетекші оқу орындарының бірі болып есептелетін. Мәскеуге жолы кесілгендер Қарағандыға келер еді. Сырқатына дауа іздеп.
Қарағандының медициналық кадрына бүкіл Одақ ділгір-ді. Шақырушылар көбейген. Үй де бермекші, жағдайын да жасамақшы. Алайда, бұл жолдаманы өзінің Теміртауына алған.
1978 жылы осындағы №2 қалалық ауруханада учаскелік терапевт болып орналасқан. Денсаулықтың қадірін осында жүріп бағамдаған. Осында жүріп ден саулықтың жау саулығына байланыстылығын жан-тәнімен түйсінген. Сондықтан науқастарды аурухана төсегіне сүйрелеуді суқаны сүймеді.
Кейін қабылдау бөлімінің меңгерушісі болды. Бірақ, бұл өзінің ұстанымынан таймады. Ал 1987 жылы Теміртау жедел жәрдем станциясының директоры-бас дәрігері болып тағайындалды.
Адам өмірін іс жүзінде құтқаратын сәт келді. Енді, ол өзінің барлық бос уақытын адам өмірін құтқаруға арнады. Тура мағынасында.
«Жедел жәрдем» станциясы ескі ғимаратта орналасқан-ды. Паркті машинамен толтыру, штатты көбейту оңай жұмыс емес еді. Басты кедергі бұған елдің етінің өліп кеткендігі еді. Жас маман сол пиғылдағы адамдарды өз жағына шығара білді. Қала тұрғындарының өсуіне байланысты жаңа ғимарат қажет деп білді және басқалардың көзін соған жеткізе алды. Шынымен экологиясы да оңып тұрмаған теміртаулықтар үшін шұғыл жедел көмекті қамтамасыз ететін ғимарат қажеттін.
Тоқсаныншы жылдардың басы экономикалық қиын жағдайға тап қылды, жедел жәрдем станциясының жаңа типтік ғимаратын салу және пайдалануға тапсыру үшін өзінің кәсіби және ұйымдастыру қабілетін жұмылдырды. Қызметкерлерінің ұйытқысын сақтап қалды. Ешкімді де жұмыссыздар сапына апарып қосқан жоқ. Нақ осы кезеңде кәсіби-пікірлес тату ұжым қалыптасты. Машина паркі заманауи жабдықтармен толықты. Диспетчерлік қызмет компьютерлік техникамен жарақтандырылды. Ауруға жету мерзімі нормативті мерзімге жақындады.   
Мұрат Мәжитұлы Қарағанды облыстық кеңесінің депутаты болған 1989-1994 жылдары денсаулық сақтау жөніндегі комиссия мүшесі ретінде өңірдің денсаулық саласын сауықтыруда, салауатты өмірді қалыптастыруда айтарлықтай жұмыс атқарды.
Ол шын мәнінде жастардың тәлімгері болды. Мәселен, желідегі дәрігер болған Ж.Бекембаев бас дәрігердің орынбасарлығына, кейін басшысына дейін өсті. Қазір облыстық наркологиялық диспансердің директоры. В.Кан, Б.Қуанышбаев, Л.Светаова  қатардағы дәрігерлерден аға дәрігер болды.
Мұрат Қиманов елу жасында мезгілсіз өмірден озды. Ол теміртаулықтар есінде  мейірбан, зиялы және қайырымды азамат ретінде қалды.
Оның өмірден озғанына да он жылдан астам уақыт өтіп барады...
Ел Мұрат Мәжитұлын сонда да ұмытпай отыр. Бас дәрігер еді ғой деп. Дәрігерлердің бәрі сондай болса игі еді деп.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 413
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px