Бір адам ауруханаға түсті - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

– Кейінірек, студент дәрігерлер қарауына алынды. Алдын алу шаралары жүргізіліп, арнайы антибиотиктарды қабылдады. Қазір облыстық инфекциялық ауруханада. Жағдайы – қанағаттанарлық. Алынған зертханалық сынамалардың қорытындысы шамалы уақыттан кейін белгілі болады, – деді Фазыл Копобаев.

Сондай-ақ, 27 маусым күні Шет ауданынан екі адам жеткізілді. Тоғыз жасар бала мен оның анасы тексеріліп, күйдіргі ауруының нышандары анықталмады.

Қазіргі таңда облыстық ауруханада 8 адам жатыр. Олардың жетеуінде күйдіргі дерті анықталды.

«WhatsApp» желісіндегі хабарламалар бойынша қылмыстық іс қозғалуда. 23 маусым күні белгісіз тұлға «Нәтиже» сүт фабрикасы тауарларына қатысты ақпарат таратқан еді. Аталған хабарламада «сүт фабрикасы шикізатты Шет ауданынан сатып алатындықтан өнімдер құрамында күйдіргі дертінің инфекциясы болуы мүмкін» деген беймәлім адам фабриканың өнімдерін сатып алмауға шақырған.

27 маусымда «WhatsApp» желісінде бір әйел адам Сұрыптау станциясындағы денсаулық сақтау мекемесінің бас дәрігерінің сөзіне сүйене отырып, Қарағандыда 17 адам күйдіргі ауруымен ауруханаға түскенін айтқан. Оның пайымдауынша, Премьер-Министр К.Мәсімов Қарағанды қаласына күйдіргі дертінің өршуіне байланысты арнайы келген және қаланы төтенше жағдайға байланысты жабу мәселесі қарастырылуда. Хабарлама таратушы әйел үйдегі шүмектерден ағып тұрған суды ішпеуді және «Нәтиже» өнімдерін сатып алмауды ұсынады.

– Бұл жалған ақпараттар біздің фабриканың беделіне нұқсан келтіреді. Көлемді материалдық шығынға ұшырауымыз мүмкін. Мәселен, бүгін бір дүкен тауарымызды сатып алудан бас тартты. Сондықтан, біз құқық қорғау органдарына шағым түсірдік. Жалған ақпараттарды таратқан тұлғалар туралы нақты мәліметтер жеткізген адамға 1 млн. теңге сыйақы береміз, – деді «Нәтиже» ЖШС-нің директоры Дулатбек Ақпаров.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров «Нәтиже» фабрикасының тиісті құжаттары түгел екендігін айтты.

– Фабриканың сүт өнімдерін тасымалдауға, өңдеуге және таратуға қатысты рұқсат қағаздары бар. Мекеменің аттестатталған дәрігері қай жерлерден сүт әкелуге болатындығын анықтап отырады. Бүгінде фабрика қауіпті аймақтардан шикізат алып отырған жоқ, – деді Марат Мұхтаров.

Ауыз судың күйдіргі дертімен залалдануы туралы хабарламаны таратқан адам да іздестірілуде. Облыстық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Қайрат Дүйсембековтің мәлімдеуінше, жалған ақпарат тарату дерегі ауыр қылмыстар санатында қарастырылады және бұл үшін қылмыскер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Брифингте Марат Мұхтаров Шет ауданындағы Еркіндік ауылында бір сиырдың өлгенін жеткізді. Бірақ, бұл мал күйдіргі дертінен емес, ауыл маңына себілген дезинфекциялық қоспалардан улануы әбден мүмкін. Себебі, мал өлексесінен аурудың белгілері анықталмаған. Қазір ауылдың барлық малы бұрынғы өрісінде емес, арнайы бөлінген аумақта бағылуда.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихат­ында қараусыз жатқан мал қорымдары жайлы сөз қозғалды. Осы уақытқа дейін қоршалмай келген 10 қорымды оқшаулау жұмыстары қазір қарастырылуда. Және Еркіндік ауылындағы төрт түлікке екпе шаралары жүргізілмек. Шамамен 3 мың мал егіледі деп күтілуде.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 822
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px