Дәрігерлік амбулаториялар ашылды - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Денсаулық сақтау саласы ны­сан­дарының әрқайсысының құры­лысына 2015 жылы 51 миллион 598 мың теңгеден қаражат бөлінген. Қазіргі күні құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды.

Абай ауданы Құрма селолық округіндегі дәрігерлік амбулатор­ия бұған дейін көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында жұмыс істеп келген болатын. Яғни, бөлмелері санитарлық-гигиеналық нормаларға сай болмаған. Ал, Бұқар жырау ауданындағы Баймырза селосының денсаулық сақтау нысаны бұрынғы музыкалық мектепте орналасыпты. Мұнда да қолайлы жағдайдың болмағаны анық.

Жаңа нысандар санитарлық нормаға сай салынып, қажетті меди­циналық құрылғылармен жаб­дықталған.

– Ел Президенті Нұрсұлтан Әбі­шұлы Назарбаевтың тапсыр­масын орындай отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті билік барын салуда. Тұрғындарды баспанамен қамту, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардың, әлеу­меттік маңызы бар, соның ішінде, денсаулық сақтау саласы нысандарының желісін дамыту аса маңызды, – деді аймақ басшысы.

Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Облыста 27 дәрігерлік амбулатория жаңадан пай­далануға беріледі. Сондай-ақ, облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық ғима­раты күрделі жөндеуден өтіп, өз жұмысын жалғастырды. Мемлекеттік-же­ке­меншік әріптестік арқылы ультра-дыбыстық зерттеудің үш жаңа кабинеті, Теміртау қаласында Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының филиалы ашылды. Денсаулық сақтау саласы нысандарын жөндеуге 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Жаңадан салынып жатқан дәрі­герлік амбулаториялардың құры­лысы «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт пен емхана» жобасы арқылы жүзеге асырылуда.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 219
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px