Ертеңге енжар қарамайық - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ертеңге енжар қарамайық
Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын бағзы бабаларымыз жақсы білгенімен, кейінгі ұрпақ сол ұлы қағидаттан ажырап қалғанын байқаймыз. Үлкенге деген ізет, кішіге деген құрмет әкеміздің қанымен, анамыздың сүтімен беріледі. Десек те, дұрыс тәрбие көрмеген балғынның қолына ертеңгі күні ел тізгіні тұрмақ, жауапты жұмысты қалай тапсырамыз?
Әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби бір сөзінде «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұдан артық не айта аламыз? Абақтысы мен түрмесі болмаған ұлан-байтақ даламызда бүгінде 43 мыңға жуық адам темір торға тоғытылған көрінеді. Арасында білімсізі жоқ-ау деймін. Білімі жоқ дегеннің өзінде, сауатын ашқан, хат тани алатын адамдар. Тағдырдың жазуы солай болған шығар дерсіз. Әрине, маңдайыңа жазса, қайда қашып құтыларсың? Дегенмен, солардың басым бөлігі тәрбиенің жоқтығынан жапа шегіп отырған жоқ па деген сұрақ мазалайды мені. Егер ата-ана баласын бесіктен белі шықпай жатып адамның ала жібін аттамауға, біреудің жазығына қалмауға тәрбиелесе, бәлкім, мұндай жағдайға душар болар ма еді? Әрине, қай ата-ана баласының ағат басқанын қаласын. От басы, ошақ қамы деп жүріп, әке-шешенің көбісі сабағын тексергені болмаса, баласының ой өрісіне, қоршаған ортасына, дос-жаранына бас қатырып жатпайды. Ер балаға қыз баланы, қыз балаға ер баланы сыйлауды, өмірі мен Отанының қадірін білуді үйретсе, үйленбей жатып ажырасу да, еңбек етпей жатып, жемқорлық жасау да болмас еді. «Ауру – астан» деген дана халқымыз. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледінің» кебі. Дүниеге дүдәмал, оң мен солын айыра алмаған баланың есейген соң да ағат басуын содан деп білемін. Тапқан-таянғанды балаға жұмсап, ақысы ат үркітетін беделді жоғарғы оқу орнына түсірмес бұрын, несиеге белшеден батып, ұлан -асыр той жасап, ұл-қызына отау тікпес бұрын, дұрыс тәрбие берген абзал. Балаға шашқаның сол кезде далаға шашылмайды. Ертеңімізге енжар қарамайық.
Айзат МҰХАМЕДЖАНОВА,
облыстық туберкулезге
қарсы балалар шипажайының тәрбиешісі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 183
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px