Ержанның еңбегі – елеулі - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Ержанның еңбегі – елеулі
Ержан Шәкен-ұлы РАМАЗАНОВ әр күні ерлік жасайды деуге болады. Алдына келген науқастардың денсаулығы үшін барын салады. Семей медициналық институтын бітіріп келгеннен кейін алғашқы еңбек жолы басталған Шет ауданында да оның есемі құрметпен аталады. Ал бүгінде Топар аудандық ауруханасының хирургия бөлімін басқарып келе жатқанына 15 жылдың жүзі болды.
Абай ауданының бас хирургі кеуде және іш құрылыс мүшелеріне ота жасаудың шебері.  Алматы, Санк-Петербург қалаларында хирургия мәселелері, травматологиядағы остеосинтез, видеолапароскопиялық ота жасау бойынша біліктілігін арттырып келді. Енді, білімін іс жүзінде қолданатындай видеолапароскопиялық құрал алуды арман етіп жүр.
– Себебі бұл ауруханаға Шет, Жаңаарқа аудандары, Ақадыр кентінен науқастар көп келеді, –  дейді Е.Рамазанов. – Әр адамды облыс орталығына апармай сол жерде көмек көрсеткен тиімдірек.
Ержан Шәкенұлы білгенін бөлісуден жалыққан емес. Әріптестерін сөзбен де, іспен де қолдай біледі. Бүгінде облыстық медициналық орталықта Виктор Цой, облыстық балалар клиникалық ауруханасында Бейбіт Бердібеков және басқалары ұстаздарын ұятқа қалдырмай, елеулі еңбек етуде. Топар аудандық ауруханасының хирург дәрігері Алексей Сорокин әріптесі жайлы білікті маман ғана емес, тамаша тәлімгер екенін айтады.
– Ержан Шәкенұлымен тоғыз жылдан бері қатар жұмыс жасап келеміз. Өз ісіне жауапты, кез келген уақытта сенім артуға болады,– дейді ол.
Мұндағы қай-қайсынан сұрасаңыз да Ержан Шәкенұлының білім мен біліктілігі мол, кәсібилігі жоғары маман екенін естисіз. Есімі ризашылықпен айтылады. Елдің алғысын алып, абырой биігіне көтерілу деген осы болар.   
– Игорь Белко деген жеткіншек ауыл шаруашылығы агрегатының астына түсіп, ауыр жарақаттанғанда осы Ержан Шәкенұлының арқасында аман қалып еді. Білікті маман кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс жасады сонда,– деп еске алады кент тұрғыны, «Астро-Агро» ЖШС директоры Александр Шимпф.
Ержан Шәкенұлының тума таланты мен зор тәжірибесі арқасында аман қалып, білікті маманға алғыс тілектерін аямайтындарды жүздеп, мыңдап кездестіре аласыз.  
Топар аудандық ауруханасы Жезқазған-Қарағанды жолының бойында орналасқандықтан, жол апатына ұшырағандарды осында жеткізеді. Өмір мен өлімнің арпалысы осы жерде көрінеді. Күніне қаншама адам жеткізіледі деңіз, олардың барлығына жіті көңіл бөлінуі қажет. Бұл жоғары ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Хирургия бөлімінің қауырт жұмысы бір сәтке саябырлаған емес. Ержан Шәкенұлындай басшы барда осы биіктен төмендемесі анық.  
Білікті маманның өмірлік серігі де осы салада еңбек етіп келе жатқан дәрігер. Гүлжан абзал мамандықтың иесі ғана емес, ардақты жар, аяулы ана. Қыздары Айгерім Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетін бітіреді биыл. Ұлдары Әділхан мен Абылайхан – мектеп оқушылары. Бірінің спортқа икемі болса, кішісі ата-анасының ізін жалғамақ.  

Ардақ ТАШМҰХАМБЕТ.
АБАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 410
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px