Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 11.12.2017

Игі істер ордасы
Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Балқаш қаласындағы №2 емхананың директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Айнагүл Қадырқызы Күлембаевамен аз-кем сұхбаттасқан едік. Емдеу мекемесінің тыныс-тіршілігімен таныстық.
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,                                                                      
«Орталық Қазақстан»                               
 

– Қоғамның басты байлығы – адам, оның денсаулығы. Елбасы Н.Назарбаев денсаулық сақтау мәселесін жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында айтып келеді. Дені сау, саламатты ғұмыр кешетін адам ғана елдің экономикалық, әлеуметтік дамуына нақты үлес қосады. Осы орайда дәрігерлер тәулік бойы тоқтаусыз еңбек етеді. Жүктелген міндеттің салмағы ауыр болатыны содан. Біздің емхана 21 мың адамға медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде Шұбартүбек, Гүлшат, Балқаш станциясы сияқты елді мекендер де бар. Фельдшерлік қызмет көрсету тобы оларға жиі шығып тұрады.
Емдеу саласының түпкілікті нәтижесі мемлекет қолдауына байланысты. Аймақты дәрімен қамтамасыз ету 60-65 пайыз. Күндізгі стационар 15 адамға жарақталған. Оған жоғары білікті дәрігер Гүлдараш Сыздықова жетекшілік етеді. Тәжірибелі медбике Мария Балапанова екеуі жұртшылықтың алғысына бөленіп жүр.    
– Мамандардың білімін үнемі жетілдіру – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Біліктілік арттырып, соны  технологияларды игеру қандай деңгейде?
– Дәрігерлер жыл бойы түрлі білім арттыру курстарынан өтеді. Алматы, Астана, Қарағандыдан мамандар шақыртамыз. Біздің мамандар жылына 2-3 рет сынақтан өтіп, тәжірибе жинақтайды. Жақында акушер-гинекологтардың жаңа жабдығы алынды. Кардитопограф аппараты өз мүмкіндігінің анағұрлым мол екенін көрсетті. Мұнда жүкті әйел мен ішіндегі баланың нобайы анық көрінеді. Тіпті, баланың түрі, қимылы анық аңғарылады. Басқа да заманауи құрал-жабдықтарды сатып алудамыз. Сол арқылы дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын жақсартпақпыз. Біртіндеп дәрігерлік кабинеттерді жабдықтау үстіндеміз. Әр келушінің құжаты электрондық жүйеге енгізілген. Бұл дәрігер мен науқастың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Скринингтік тексерістер кезең-кезеңімен ұйымдастырылып жатыр.
– Толқынды толқын қуады дегендей, жас мамандардың білікті дәрігерлерден үйренері мол емес пе?
– Қай жерде болсын тәжірибесі көп мамандар сұрасынысқа ие. М.Құнарбекова, Т.Шаталова, Б.Кәукенова, Г.Құдабаева сияқты тәжірибелі мамандардың игілікті істерін үнемі көріп келеміз. Жас мамандар соларға қарап бой түзейді. Жүйелі қызмет ету үшін мамандардың біліктілігі маңызды. Учаскелік дәрігерлеріміздің қатары екі жоғары білімді маманмен толықты. Медбикелердің де еңбегі ескерусіз қалмайды.  
– Қала жұртшылығы сенім артып, өзіңізді депутат етіп сайлады. Бұл негізгі жұмысыңызға бөгет емес пе?
– Халық алдындағы жауапкершіліктен қашуға болмайды. Дәл қазір экологиялық ахуал ушығып тұрғанда дәрігерлердің депутат ретінде іске араласып, мәселелерді шешуге үлес қосуы қажет-ақ. Менен бұрын да тәжірибелі әріптестеріміз депутат болып сайланды, денсаулық сақтау саласын жақсартуға байланысты көтерілген мәселелерге белсене араласа білді. Маған да депутат ретінде жүктелген міндет аз емес. Халық сенімін ақтаудан артық қандай жауапкершілік болсын. Бұл шаруаға енді кірісіп жатырмыз. Білімім, тәжірибем жеткенше халық қалаулысы ретінде де тындырымды  жұмыс атқарамын.
– Игілікті ісіңізге қашан да сәттілік тілейміз.
БАЛҚАШ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 761
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1199
count 88x31px