Иммундау – дерттен сақтайды - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Иммундау –
дерттен сақтайды
24-30 сәуір аралығында Қарағанды қаласында иммундау  апталығы  ұйымдастырылады.
Иммундау апталығының басты мақсаты – жұқпалы дерттердің таралуының алдын алу. Яғни, жасы мен жынысына қарамастан, жаңадан қоныс аударған тұрғындарды, тұрғылықты мекен-жайы және жұмысы жоқ азаматтарды күл, қызамық, сіреспе, паротит  ауруларына қарсы егу жұмыстары  жүргізіледі. Барлық жұмыстар жергілікті емханаларда тегін атқарылады.
Күл ауруы – ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі. Бұл ауру баспа және ЖРВИ  белгілерімен басталып, аяқ-қол, дене және таңдайдың салдануына әкеліп соғады. Ал, сіреспе қоздырғышы зақымдалған тері арқылы, яғни, күйік, жарақаттар арқылы кіреді.
Апталық кезінде егілу шараларын толық қабылдамаған балалар да егіледі. Сондықтан, әр ата-ана уақытша тұрып жатқан мекен-жайына жақын орналасқан емханаға баруы қажет.
Полиомиелит вирусымен зақымдалудың жоғары қауіптілігі егілмеген және жартылай егілген балалар арасында кездеседі. Жартылай егілген балалар дер кезінде егілу күнтізбесі бойынша толық егілу курсын алуы қажет. Полиомиелиттен, тек, егілу арқылы ғана сақтану керек. Иммундау апталығы полиомиелитті оқшаулауда маңызды орын алады. Кең көлемде қауіпті топтарды қамтиды және бұрын егілмегендерді анықталып, нәтижесінде, коллективтік иммунитет қалыптасады.
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 1-тармағына сәйкес, әрбір азамат жұқпалы ауруға қарсы алдын алу екпелерін міндетті түрде қабылдауы тиіс.
Иммундау апталығы кезеңінде Қазыбек би ауданы  бойынша тұрғындардың талап-өтініштерін қабылдайтын «жедел желі» (519687, 519691) ұйымдастырылады.

Жанар БЕРКІМБАЕВА,
Қазыбек би ауданы бойынша ТҚҚБ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 160
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px