Өркендерің өссін! - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Өркендерің өссін!
Біз, Қарағанды медицина колледжінің ардагерлері, осы оқу орнының басшысы, ғылым кандидаты, алғыр азамат Аманжол Нұрбеков пен  колледж ұжымын кәсіби мере-ке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтағымыз келеді. 1960 жылы біз, Қарағанды медицина институтының  түлектері Алтынай мен Айым және пединститутттың химфагін бітірген Әдиша  Тілеуқабылова үшеуміз жолдамамен Қарағанды медучилищесіне оқытушы болып келіп, бір орында табан аудармай 40 жыл қызмет еттік. Түрлі сабақтардан дәріс бердік, заман талабына сай қазақ тілінде оқу топтарын аштық. Қаншама медбикелер тәрбиелеп шығардық.Олар дәрігерлердің көмекшісі бола жүріп, қаншама адамды ажалдан арашалап қалды десеңізші! Қазір зейнет демалысындамыз.
Өткен жылы күзде медколледж өзінің 80 жылдығын атап өтіп, сол кештің құрметті қонағы болдық.  Біз бала оқытқан кездегімен салыстырғанда,  колледждің қазіргі жағдайы жер мен көктей. Іскер азамат Аманжол Нұрбеков бастаған ұйымшыл ұжым оқу орнын жайнатып жіберіпті. Студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған.  Газеттерден жаңа үлгідегі жатақхана салып бергенін де оқыдық. Ал, 80 жылдық кеш тамаша ұйымдастырылған екен. Әлі күнге дейін аузымыздан  тастамай жыр етіп айтып жүреміз. Ардагерлердің бірде-біреуі ұмытылмапты, бәріне сый-сияпат жасалды. Колледждің бүгінгі ұжымы дәстүрлерді сақтай біледі екен. Білім ордасы өмірінен арнайы бейнефильм көрсетілді. Аманжол бауырымыз өзі бас редакторы боып табылатын «Мейірбике ісі» журналының бір саны тұтас колледждің тарихына арналыпты. Ардагерлер жағы осының бәріне риза болыстық.
Аманжол бауырымыз бен оның командасы мүшелеріне өркендері өссін деп біз де аналақ ақ батамызды береміз. Мерекелерің құтты болсын!

Колледждің еңбек
ардагерлері атынан:
Айым АСЕКАЕВА,
 Қарағанды қалалық
ардагерлер кеңесінің  мүшесі,
Алтынай ИСАҒҰЛОВА,
қалалық ардагерлер кеңесі
тұрақты комиссиясының
төрағасы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 450
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px