УДЗ орталығы ашылды - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

УДЗ орталығы ашылды
Балқаш қаласының орталық ауруханасында жүкті әйелдерге арналған ультра- дыбыстық зерттеу орталығы ашылды.
Орталықтың ашылуына Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық өкілеттігінің басшысы Шолпан Қалықбекова, «Дал диагностик» ЖШС директоры Наурызбай Қалдыбек және медицина саласының мамандары қатысты.
Наурызбай Қалдыбектің айтуынша, бұл жобаның болашағы зор. «Жалпы, ультрадыбыстық зерттеу аппаратының құны – 60 миллион теңге. Ал, Шолпан Қалықбекова балқаштықтар үшін тексерістен өту тегін екендігін мәлімдеді. Келешекте мұндай жобалардың көптеп іске асатындығын атап өтті.
Назира ҚАСЫМБЕКОВА, аку­шер-гинеколог:
– Жүктіліктің қалыпты дамуы жағдайында дәрігердің ше­шімімен бас-аяғы үш рет балаға ультрадыбыстық зерттеу жасату жеткілікті болып табылады. Қаншалықты зиянсыз деп танылғанымен, зерттеуді керексіз жасата беру жөнсіз. Жаңа орталық қатерлі дүниелерді дер уақытында анықтауға зор мүмкіндік береді.
Нұрдос КӘРІМ.
БАЛҚАШ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 258
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px