Ветеринария басқармасында – жаңа басшы - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағанды облысы әкімдігінің өкімімен Бауыржан Қоңырбайұлы АСАНОВ Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бауыржан Қоңырбайұлы (1968 жылы туған) – 1992 жылы Мәскеудегі К.Скрябин атындағы ветеринария академиясын үздік бітірген кәсіби білім иесі.

Біліктілігі бойынша – мал дәрігері.

Коммерциялық құрылым­дар­­дағы еңбек тәжірибесі жет­кілікті.

2006 жылдан бастап мем­­лекеттік қызметте. Қара­ғанды қаласының ауыл шаруа­шылығы, жер қатынастары бөлімдерінде, облыстық жер қатынастары басқармасында басшылық лауазымдарда болған.

Орталық мемлекеттік органдарда да еңбек еткен. 2013 жылы Б.Асанов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту саясаты департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың қараша айынан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы бас­қар­масының басшысы қызметінде болды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2341
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px