Қызметі кіршіксіз клиника - Медицина - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қызметі кіршіксіз клиника
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында ел көлемінде халық денсаулығын нығайту бағытындағы қолға алынған шаралар – аса әле­уетті. Осынау үрдіс Қарағанды облысында да қарқынды негізде белең алып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы негізінде өткен жылдың қыр­күйек айында ашылған «MD Vision» көз клиникасы – жоғарыдағы тұжырымның жалқы ғана мысалы.

Әлемдік медицина саласының мәлімет-деректеріне сүйенсек, дамыған елдер санатындағы Еуропаның барлық мемлекеттерінде тұрғындарға офтальмологиялық көмек көрсету мақсатында бөлінетін қаражаттың көлемі жылдан-жылға ұлғайып келе жатқан сыңайлы. Бұл жайт, өз кезегінде, аталған саладағы заманауи қондырғылар мен құрал-жабдықтардың уақыт санап жаңғыртыла түсуімен байланыстырылады. Әрине, бұқара халықтың тарапынан үздіксіз туындаған сұраныстың да аталған үдеріске айтарлықтай әсер етері анық.
Қазіргі таңда Қарағанды секілді ірі облыстың орталығында замана талабы мен медицинаның даму үдерісіне мейлінше лайықталып, жетілдірілген диагностикалық және емдеу қондырғыларымен жабдықталған клиниканың ашылуы көз дертіне душар болған сырқаттарға мемлекеттік тапсырыс аясында жедел әрі сапалы көмек көрсетуге негіз қалап отыр. Емдеу ошағы тек Қарағанды қаласының тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар, облыстың аудандары мен қалаларынан келген сырқаттар – еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға дейінгі барлық жас мөлшеріндегі адамдарды қабылдайды. Кеншілер қаласындағы №3 емхана базасында орналасқан клиниканың Теміртаудағы №4 емханада өз филиалы бар.
Дәрігердің көмегінен дәрмен күткен жандардың көңіліндегі күмәнді сейілтетін жайттың ең бастысы – сол, мұнда еңбек тәжірибесі арқылы ысылған, біліміне біліктілігі сай әрі өз кәсібін қадірлей білетін бірегей мамандар қызмет атқарады.
Клиниканың тағы бір тартымдылығы – тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында Қарағанды қаласында және облыстың өзге өңірлерінде орналасқан емханалармен келісім-шарттар жасасуы. Демек, бұл – облыстың кез келген тұрғыны қажеттілік туындаған жағдайда аталған көз клиникасының қызметіне жүгіне алады деген сөз. Емдеу орнында мемлекеттік тапсырыс аясында тегін емдеу шараларын жүргізуден тысқары, сырқаттарға ақылы негізде қызмет көрсету тәсілі де жолға қойылған, яғни, таңдау – сырқаттанған адамның өз құзырында.
Қызметі кіршіксіз «MD Vision» көз клиникасы биылғы жылдың басында медициналық қызмет көрсетудің үздік үлгісі деуге тұратындай мейлінше жаңа ота жасау қондырғысын сатып алған екен. Соның нәтижесінде көз ауруларын жедел әрі тиімді емдеу мүмкіндігі еселеп арта түскен.
Қазақта «Көзіңнің қарашығындай сақта!» деген қастерлі ұғым бар, адам үшін ең қымбат дүниеге қатысты аманат есебінде айтылатын. Көз жанары – жарық жалғанның нұр-сәулесін өз қалпында қабылдайтын адамзат баласының тәніндегі ең асылы...
Ендеше, Жаратушы сыйлаған баға жетпес сол қазына-байлықтың қадір-қасиетін бағамдай білейік, қажетті кезде дәрмені мол дәруін дарытқысы келетін дәрігерлер қауымының еңбегіне қапысыз жетістік тілейік.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Суреттерді түсірген
Ж.ИМАНӘЛІҰЛЫ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 295
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px