Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Орталық-Ақпарат

Материалдар категориясында: 918
Көрсетілген материалдар: 901-910
Беттер: « 1 2 ... 89 90 91 92 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
24.04.2012

Елбасы Н.Назарбаевтың бас­та­масымен қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасы Жаңаарқа ауданында атқарушы биліктің қапысыз қамқорлығы мен жастардың бел­сенді әрекетінің арқасында жос­парлы не­гізде жүзеге асырылып келеді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 549
24.04.2012
Нарықтық қатынаста азық-түлік бағаларының өзгеріп тұ­ратындығы заңдылық дейді білетіндер. Сырттан тасымалда­нады, екі ортада делдалдар жү­реді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 512
24.04.2012
Жуырда Қаражал қаласының әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен «Халыққа қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмысы бойынша іс-тәжірибе алмасу» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 467
21.04.2012
Приозерск қаласындағы сәулет жұмысын жетілдіру, абаттандыру, көгалдандыру ісі ілгерілеуге тиіс. Былтырғы жылы 5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұның ішінде 30 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй бар. Сондай-ақ, Достық көшесіндегі үш қабатты үй қайта қалпына келтіріліп, түгелдей күрделі жөндеуден өткізілді. Мұның өзі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ла­масына сәйкес жүргізіліп отыр. Жөндеуден өткізілген пәтер­лерге шет елден келген қандас­та­рымыз қоныстанды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 551
21.04.2012
Бейсенбі күні коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кү­ніне орай жылу беру маусымын қорытындылаған салтанатты жиын облыс орталығында кен­шілер мәдениет үйінде өтті. Оған жылу беру маусымының қа­лып­ты жағдайда алты ай қыста өз үлестерін қосқан аймақтың барша коммуналдық сала қыз­меткерлері қатысты. Облыс әкі­мінің орынбасары Бауыржан Смағұлов жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 479
21.04.2012
Қарағанды экономикалық университетінде жас зерттеушілердің шағын ғылыми академиясының орталық Қазақстан бөлімінің 42-ші аймақтық ғылыми практикалық конференциясы өткен-тін. Осы конференцияға Шашубай кенті «Мектеп-балабақша кешенінің» жас зерттеушісі, 9-сынып оқушысы Клара Хожанова қатысып, экономика секциясы бойынша 1 дәрежелі дипломға ие болды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 685
21.04.2012
Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығында қазақ қыздарына тән мінез-құлықты дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді қастер тұту, қыз баланың бойындағы ізгі қасиеттерді әспеттеу мен таланттыларды тану мақсатын ұстанған «Қазақ қызы – 2012» байқауы өткізілді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 588
10.04.2012
Облыс аймағындағы кезінде аудан орталықтары болған кенттерге ерекше көңіл бөлінуде. Арнайы кешенді жоспар жасалды. Онда кенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту қарастырылған. Шет ауданының Ағадыр кентінде де кешенді жоспар аясында ілкімді істер жүзеге асуда. Кенттің тыныс-тіршілігі облыс, аудан басшылығының жіті назарында.
 пікірлер: 0
 оқылған: 724
10.04.2012
Қаражал-Жәйрем аймағындағы жалпы білім беру ошақтары соңғы екі жыл көлемінде, сөздің шынайы мағынасында, тың серпіліс кезеңіне қадам басып келеді. Бұған қала әкімі Ғалым Әшімовтің жергілікті бюджет қоржынынан мектептердің материалдық-техникалық база­сын нығайтуға қомақты үлес бө­лу­­ге ден қоюы берік дәнекерлік еткенін айрықша атап өткен жөн. Келешектің кемелді болуы мақ­сатында жүзеге асырылған шаралар бүгінгі таңда нақты нәтижесін бере бастады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1059
05.04.2012
Қарағандының әлеуметтік павильондарында нан бағасы – 36 теңгеге тұрақтады. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішев халық алдында есеп бергенде әлеуметтік павильондарда наурыздың ортасынан бастап, нанның бағасы 36 теңге болатынына уәде берген еді. Сол уәде – берік болды. Бүгінде кеншілер мекеніндегі 23 павильонда нан және өзге де азық-түліктер арзандатылған бағамен саудалануда. «Береке – 2010» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Сайлаужан Толубаев қала павильондарындағы бағаның қала бойынша орта есеппен алғанда 15 пайызға төмен екендігін айтады. Мұнда пияз, сәбіз келісі – 50 теңге, қызылша – 55 теңге, картоп – 45 теңге.
 пікірлер: 0
 оқылған: 541

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1240
count 88x31px