Қайырымдылық – ізгілік бастауы - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Қайырымдылық – ізгілік бастауы
Таяуда Қызыларай орта мектебінде кең ауқымды қайырымдылық шарасы өтті. «Балаға мейірім сыйла!» атты ұранмен басталған акция «Әдемілік түріңнен көрінеді, қайырымдылық  ісіңнен  көрінеді» деген ұстанымды басты мақсат етті.
Аталған шараға әлеуметтік тұрғыда аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларына мейірім шуағын сыйлауға ықыласты ауыл азаматтары демеушілік көрсетті. «Қайырымдылық – ізгіліктің бастауы» атты кеш ұйымдастырылып, әкімдік қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері 13 оқушыға материалдық көмек көрсетті. Бұл ретте Қызыларай ауылындағы шағын шаруа қожалығының жетекшісі Ж.Қайдаров пен жас кәсіпкер Ә.Аханов он оқушыға киім-кешек түрлерін және оқу құралдарын тарту етті.
Адамгершілік ұстанымдарын айғақтап, қол ұшын созған алтын жүрек жандарға мектеп ұжымының және ата-аналардың айтар алғысы шексіз.
Кәмшат ҚАПАСОВА,

Қызыларай орта мектебінің әлеуметтік педагогы.   
АҚТОҒАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 369
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px