Қамқорлық – елдік өлшемі - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қамқорлық – елдік өлшемі
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Бұқар жырау ауданында мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке зәру тұрғындарға жеткілікті деңгейде көңіл бөлу жайы жүйелі жолға қойылған. Бұл, әрине, аудандағы аталған салаға жауапты құзырлы органдардың тиісті талдау және қадағалау жұмыстарын орнықты атқарып отырғандығының айғағы.

Мәселен, тұрғын үй жәрдемақысы ретінде берілетін бюджет қаржысының мөлшері 1,5 есе ұлғая түскен. Өткен жылы аталған жәрдемақы түрі 234 отбасына (595 мұқтаж адам) 4 млн. 551 мың теңге көлемінде төленген екен. Ал, биылғы жылы осы мақсатқа 7 млн. 354 мың теңге бағытталмақшы.
Бүгінгі күні ауданда 2283 мүгедек тұрады. 2015 жылы олардың сұраныстары 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бұдан тысқары, 119 мұқтаж адам сомасы 5 млн. 433 мың теңгені құрайтын бюджет қаражаты есебінен жеке басының гигиеналық тазалығына қажетті заттарды пайдаланған екен. Биылғы жылға қарастырылған жоспарлы қаржы көлемі – 5 млн. 672 мың теңге. Сондай-ақ, І топтағы қимыл-қозғалысы қиын 110 мүгедектің жеке көмекшілерінің қызмет өтеміне 28 млн. 699 мың теңге бөлініп, игерілген. 2016 жылдың жоспары – 27 млн. 27 мың теңге шамасында.
Үстіміздегі жылы әлеуметтік көмекті үй жағдайында көрсету бөлімшесін ұстау үшін өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым артықтау қаржы сомасы (2015 жылы – 25 млн. 22 мың теңге; 2016 жылы – 34 млн. 869 мың теңге) қарастырылып отыр.
Есесіне, балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының жиынтық көлемі 1 млн. теңгеге шегерілген. Былтырғы жылы осынау жәрдемақы түрімен 1672 бала (589 отбасы – сомасы 28 млн. 973 мың теңге) қамтылса, биылғы жылға бөлінген қаражат – 27 млн. 752 мың теңге.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.         

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 139
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px