АРДАГЕР АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

АРДАГЕР АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесі аясында Сәтбаев қаласында алуан шаралар өткізілді. Соның бірі ретінде 72-орамдағы бұрын атауы жоқ көшеге соғыс ардагері Әбсамат
Тәжбеновтің есімі берілгенін  айтуға болады.

Ұлы Отан соғысының қаһарман жауынгері Ә.Тәжбенов майдандағы ерліктері үшін екі мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған болатын. Солтүстік Кавказды азат ету жолындағы сұрапыл шайқастардан басталған Әбекеңнің жауынгерлік жолы Берлинде же­ңіспен аяқталып, елге аман-сау оралды.  Бейбіт өмірде де алғы шептен көрінді. Ол 40 жылға жуық Оңтүстік Жезқазған кенішінде абыройлы еңбек етіп, ұрпақтарын да өнегелі іске баули білді. Өмірден өткенімен ардагердің ерлік жолдары мен өнегелі істері ұмытылмайды. Соның айғанындай, ардагер атына лайықты құрмет жасалып, салтанатты шара ұйымдастырылды. Ә.Тәжбенов есімін иемденген көшені ашу салтанатында қала әкімі А.Ыдырысов, “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС әкімшілік жетекшісі Ә.Әбенов, соғыс ардагері Ш.Байбосынов,  еңбек ардагері Я.Асатов Әбсамат Тәжбеновтің өне­гелі өмір жолы өскелең ұрпаққа қа­шанда үлгі болатындығын алға тарта келіп, ардагер жайлы әсерлі естеліктерімен бөлісті.

СӘТБАЕВ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 175
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px