Қари қызымыз ерледі - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Алматы қаласында 5-6 мамыр күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбәрак» университетінде Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш рет республикалық сайыс өтті. Оған еліміздің әр аймағынан іріктелген 160-тан аса үміткер қатысты.

Сайысқа қатысушылардың Құранды жаттауы, Құран оқу ережелерін сақтауы, аяттардың тәпсірін меңгеруі, сүрелердің аудармасын білуі сынды қабілеттерін қазылар алқасы жан-жақты саралап, әділ бағасын берді. Онда қарағандылық қызымыз Жадыра Кәрсембаева  да өз бағын сынады. «Нұр-Мүбәрак» университетінде дінтану мамандығы бойынша білім алып жатқан қызымыз Қасиетті Құраннан 30-шы «Амма» парасы бойынша сайысқа түсіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Айта кету керек, қарағандылық қари қыз жарысқа қатыспастан бұрын Египет Араб Республикасының әл-Әзһар университетінің докторы әс-Сәид Абдулмәжид әс-Сәид Мұхаммедтен Құран Кәрімді Пайғамбарымыз Мұхаммедтен Хафс ибн Сулейман риуаяты бойынша жеткен қырағатпен оқу және 30-шы "Амма" парасын жатқа айтудан иджаза (рұқсат) алған болатын.

Төрехан МАЙБАС.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 219
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px