Қарияға – құрмет - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Қарияға – құрмет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 9 мамыр қарсаңында Жеңіс күнімен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Тыл ардагерлері де назардан тыс қалмады.
Ардагерлердің майдан даласындағы ерліктерін айтқанда, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектерін ерекше атап өту қажет. Соғыс жылдары қиындықтарды жеңе отырып, әйелдер мен балалар өндіріс орындарындағы және егіс алқаптарындағы ер азаматтарды ауыстырып, жаңа мамандықтарды игерді. Олар еңбек майданының барлық ауыртпашылықтарын өздерінің иықтарымен көтерді. Соғыс уақытындағы аналар мен балалар ерен еңбектерінің арқасында жеңіс күнін жақындатуға ерекше үлес қосты.
Департамент қызметкерлері осындай бейбіт күнді сыйлаған Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын сыйлап және материалдық көмек көрсетті.   

Әсел МЕДЕУБАЕВА,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Қарағанды облысы департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 161
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px