Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

Ерінің ерлігін, халқының да­налығын бағалай білетін асыл азаматтарын қасиетті Қарқаралы жерінің ел ағалары қашанда ұлық­тай біледі. Оған себеп, об­лыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 17 наурыз күнгі санында жарық көрген мақалада ха­лықаралық «Түріксой» ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновке «Қарқаралы ау­да­нының Құрметті азаматы» атағы берілсе деген емеурін бар еді. Әрине, бұл ұсынысты аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мәжілісі бірауыздан қолдап, аудандық мәслихатқа ұсыныс жолдады. Егер, атқарған қыз­меттері ел игілігіне елеулі септігін тигізіп жатса, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізетпен» қарайтын ардагерлердің бұл ұсынысы ау­дандық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ сессиясында еш кедергісіз қолдау тауып, Дүйсен Қасейіновке «Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы» деген құрметті, абыройлы атақ берілді. Дауылпаз ақын Қасымның ғасырлық тойын халықаралық деңгейде, Түркияда аталып өтуіне аянбай еңбек сіңірген әрі ақынның атына көше беруге ұйытқы болған ардақты азаматқа бұл атақ әбден лайық.

Қаздауысты Қазыбек би ба­бамыздың: «...Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз» деген парасатты сөзі «елімізден құт-береке қашпасын» деп түбі бір түркі елдерінің дәне­кері болып жүрген ардақты ел ағасы Дүйсен ағамыздың осындай ерен еңбегіне арналып ай­тылғандай.


Қарқаралы ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 792
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px