Қатардан қалмаған қариялар - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қатардан қалмаған қариялар
Қарағанды қаласындағы  Қазыбек би атындағы аудандық ардагерлер кеңесі жақында  жыл сайынғы дәстүрге айналған шахмат турнирін өткізді. Н.Әбдіров  атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған жарысқа кейінгі жылдары шахмат қозғалысына белсене ат салысып жүрген 20 адам қатысты.

Ақсақалдардан  құралған «Ардагер-2012 командасы (басшысы Б.Есен-дәулетов) қыс бойы облыс орталығының оқу орындарында кездесулер өткізіп, компьютердің, ғаламтордың заманында жастар арасында шахмат сияқты ақыл-ойды қалыптастырудың тамаша құралын кеңінен насихаттап жүр. Араларында  ең жасы 70-ке толып отыр.Аудандық кеңестің жаңадан сайланған жас басшысы Ғабит Тұяқов  қатысушыларға ізгі тілек білдіріп, қарт адамдарға сергектік сыйлайтын осындай сайыстарға жиі қатысып тұруға тілек білдірді.
Турнирде швейцариялық деген  жүйемен тоғыз   тур өткізілді. Яғни, әрбір тур ойналып біткеннен кейін жеребе ұпай саны бірдей ойыншылар арасында тасталады. Нәтижесінде 9 мүмкіндіктен 8 ұпай жинаған дәрігер, спорт шеберіне кандидат Төлеген Оразбеков алдына жан салмай бірінші орынды жеке дара жеңіп алды.  Келесі жүлделі орындар үшін талас өте тартысты болды.  Негізгі үміткерлер соңғы ойында сүрінсе де, жинаған ұпай қоры жүлделі орынға шығарды. Сөйтіп,  мәреге бірдей ұпаймен келген жобалаушы инженерлер, спорт  шеберіне кандидат  Төлеу Ақашев пен Есентай Сәрсекеев  6 ұпаймен екінші-үшінші орындарды бөлісті. Ал  алты адам 5,5 ұпайдан жинады. Олардың орындары шахмат сайыстарында жиі қолданылатын Бухголь-Бергердің қосымша көрсеткіштері арқылы анықталды.
Жарысты ұйымдастырушылар жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға алған орындарына  сәйкес бағалы сыйлықтар тапсырды.

А.ЖАНҒОЖИН,
жарыстың бас төрешісі, шахматтан спорт шеберлігіне кандидат.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 129
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px