Қауіпсіздік мектебі - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Қауіпсіздік мектебі
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Қарағанды қаласында тың бастама – Қауіпсіздік мектебі өз қызметін бас- тады. Оның ашылуына қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мұрындық болды.
Қоғамға аса қажетті бастаманың ілгері басуына Қызыл Жарты Ай қоғамының облыстық филиалы, «Қайырымдылық әлемі» қоғамдық бірлестігі, қалалық ішкі істер басқармасы мүдделілік танытқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінен құралған волонтерлердің белсенді әрекеттері де айрықша атап айтуға тұрарлық.
Қазіргі таңда үйірмелерде тақырыптық бағыттар бойынша оқулар өткізілуде. Ұйымдастырушы тарап тек сабақ тәсілімен ғана шектеліп қалмай, қауіпсіздік шарттарына қатысты жазғы сессияны өткізуді де жоспарлап отыр.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 401
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px