Азық-түлік – арзан бағамен - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Азық-түлік – арзан бағамен
Балқашта өткен кезекті жәрмеңкеге жиналған жұрт қарасы қалың болды. Ақтоғай ауданындағы шаруа қожалықтары мен қала басындағы тамақ кәсіпорындарының өніміне қалалықтар сұранысы айтарлықтай екендігіне көз жетті.
Жәрмеңкеде азық-түлік базардағыдан едәуір төмен бағаға саудаланды. Сиыр етінің келісі – 1025 теңгеге, жылқы етінің келісі – 1200 теңгеге бағаланды. Сондай-ақ, балқаштықтар картопты – 50 теңгеге, пияз­ды – 40 теңгеге, сәбізді – 70 теңгеге, қырыққабатты – 85 тең­геге сатып алды.
Байзақ ӘЛМАҒАНБЕТОВ,
қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­­шысы:
– Осымен 16-ыншы мәрте ұйымдастырылған жәрмеңкеде 22,5 млн. теңгенің өнімі сөреге шығарылды. Оның ішінде, 12 тонна – ет, 27 тонна – көкөніс-жеміс өнімдері, 3,6 тонна – сүт өнімдері, 200 келі – қант, 18 мың жұмыртқа және 5 тоннадан астам басқа да тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайыз төмен құнмен саудаланды. Жәрмеңкенің басты мақсаттарының бірі – отандық тауарды наси­хаттау.
Нұрдос КӘРІМ.
БАЛҚАШ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 303
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px