БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – ҰДАЙЫ НАЗАРДА - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сауда орындарының тұтынушылардың көңілінен шығып, екі жақтың да риясыз көңілмен тарасуы ізгіліктің белгісі. Нарықты желеу еткен кейбір дүкен, сауда орындарының қожайындары бағаны жөн-жосықсыз көтеріп, жұртшылықтың ренішін туғызатыны да сөзсіз. Әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, бұған әсте жол беруге болмайды.

Приозерск қаласында жер­гілікті кәсіпкерлерге осы тұрғыдағы мән-жайды түсіндіріп, өзара ынты­маққа қол жеткізу үшін кездесулер болып тұрады. Қала әкімдігі, азық-түлік өнімдерінің баға­сын көтеру­ге негіз жоқ екенін айтады. Осыған орай, азық-түлік дүкені­нің қожайындарымен арнайы меморандумға қол қойылып, қазіргі таңда баға тұрақтылығы тұтынушылардың көңілінен шығ­ып отыр. Қалада 33 азық-түлік сататын сауда нүктелері және 1 іргелі базар жұмыс жасайды. Сауда жасаушылардың көбісі ғимараттарды жалға алады. Сон­дықтан, жалға берушілерге де арнайы нұсқау берілді. Олар да бағаны жөн-жосықсыз көтермеуі керек.

Қалада ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі тұрақты өткізіліп келеді. Ал, мұнда өнім бағасы базарға қарағанда 15-20 пайыз төмен. Көкөніс, бау-бақша өнімдері Жамбыл облысынан жеткізіледі екен.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ.

Приозерск қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 204
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px