Басты мақсат – баға тұрақтылығы - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Басты мақсат – баға тұрақтылығы

Аудан орталығының бас алаңы жұма күні дәстүрге сай жәрмеңке алаңына айналады.
Делдалдардың араласуынсыз әр аптаның жұма күні өтетін бұл жәрмеңкеге осы жолы Қарағанды қаласынан «Арка – Изобилие», «Дедов»,  «Татьяна» серіктестіктері келіп, шұжық өнімдері мен нан өнімдерінің түр-түрін ұсынды.
Сонымен қатар, Байтуған, Қарой ауылының тұрғындары сүт тағамдарын саудаласа, К.Мың­баев, Шахтер ауыл­дарының кәсіп­керлері тауық, үйрек балапандарын ұсын­ды. Киім-кешек пен ас үй ыдыстарының сан алуан түрлері де сатылымға шығарылды.
– Жәрмеңкелерді бағаны тұ­рақ­тандыру мақсатында өткізу­деміз. Әр жұма сайын ұйым­дастырамыз. Бұл жерде баға да көңілге қонымды. Нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан, – деді кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ж.Мұхамеджанов.
Киевка кентінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі де халыққа қымыз бен ыстық бауырсақ ұсынды.
Тауарды өндірушінің өзінен тікелей сатып алуды қалаған аудан тұрғындарының қарасы қалың болды.
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті арзандатып ұс­ынуға сатушылардың өз­дері де қарсы емес. «Өзгелер қымбат сатқанша, өз өнімімізді өзіміз арзан таратайық» деген өндірушілер тұтынушымен тікелей жүздескеніне разы.

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 786
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px