Біркісідей қатысты - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Біркісідей қатысты
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»
16  сәуір күні еңбек құрал-жабдықтарын қолына алған қарағандылықтар қалалық бірінші сенбілікке біркісідей қатысты. Аталмыш көктемгі сенбілікке барлығы 100 мыңнан астам адам, 13200-ге тарта еңбек ұжымы жұмылды.

Бірінші болып сенбілікке арнайы техникалар шықты. Олар қаламыздың Олимпийская көшесінде сапқа тұрып, мамандардың арнайы байқауынан өтті. Жер қазатын, күрейтін, тиейтін,ысыратын сан алуан техникаларды «Қазақавтожолдары» ҰК филиалы, «ГорКомТранс», «Горкомхоз», «Теплотранзит Қарағанды»  және «Қарағанды Су» сынды коммунальдық қызмет көрсететін мекемелер тегін пайдалануға берді. Байқаудан кейін 200-ден астам арнайы техника қаламыздың көшелері мен аулаларын бетке алды.
Байқауға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Арман Жұмекенов, Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина және басқалары қатысты.
– Бұл техникаларды Федоровка мен Михайловкада заңсыз пайда болған қоқысханаларды реттеуге бағыттаймыз,  оның ішінде Баженов 11 А, Баженов 23, 25, Осевая 6, 10, Анжерская 22/2, Мусин 33, 34, Гапеев 9, 33, Ерубаев 46,48, Тулепов 4,8 көшелеріндегі жинақталып қалған қоқыстардан тазалайтын болады, – деді Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 122
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px