ДИАСПОРАЛАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

ДИАСПОРАЛАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»

Қазақстан халқының бірлігі және Отан қорғаушылар күні мерекелерінің аясында Қарағанды облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкіл-имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның тікелей мұрындық болуымен осы өңірде тұратын мұсылман диаспораларының діни өкілдерімен кездесу өтті.

Бас имам Отан қорғау жолында опат болған барша қазақстандықтардың аруақтарына бағыштап Қатым Құран түсірді. Жиында әр ұлт өкілдерінен қариялар сөз сөйлеп, жамағат арасында бірлік пен татулық жайлы уағыз айтылды. Шараның басты мақсаты – ислам дінінің бейбітшілік пен бірлікті сипаттайтын дін екендігін насихаттау болды. Ас соңында жамағатқа ынтымақтастық пен тұрақтылық жайлы тақырыпта ұстаз Қайрат Серкебай уағыз айтып, өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластық пен құрметтің жоғары болуына баса назар аударды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 165
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px