ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Елімізде алғаш рет сатушы мен тұтынушы арасында өзара тиімді байланыс орнату мақсатында «Nurmash» стартап жобасының мобильдік қосымшасы іске қосылды. Жоба авторларының айтуынша, қосымшаны пайдаланған әрбір тұтынушы қомақты ақшалай сыйлыққа ие болады.

Жалпы, «Nurmash» жобасы – қазақстандық және американдық мамандардың бiрлесуімен жарыққа шыққан жарнаманың жаңа құралы. Жобаның бас бөлімшесі АҚШ-та орналасқан. Қазіргі таңда «Nurmash» стартап жобасының еліміздегі қосымшасын «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген білікті жастар жүргізеді. Бұл жоба, әсіресе, кәсiпкерлер мен тұтынушыларға ыңғайлы болғандықтан, оның көмегiмен компаниялар өздерінің жеке кабинеттерi арқылы жарнама жасап, промоакциялар ойната алады. Әрбір қатысушы ұялы телефоны (смартфон) арқылы аталған промоакцияларға қатысып, қомақты ақшалай сыйлықтарға ие бола алады. Жыл соңында қатысушылар арасында iрi ұтыс жүлдесі ойнатылады.
«Nurmash-CIS» ЖШС-нің бас директоры Ескендір Қасеновтың айтуынша, жобаны өз қажеттілігіне жаратқысы келген адам алдымен өз тауарына жарнама жасайды. Ерекше суретке түседі немесе видеоролик дайындайды. Авторлық суреттерімен әлеуметтік желіде бөлісу немесе бір сұраққа жауап беру секілді шарттарды орындап шыққан адам лотереяға қатысып, 40-тан астам адам қыруар қаржыны ұта алады.
Сондай-ақ, «Nurmash» мобильді қосымшасы белгілі бір тауарды жарнамалаудың тиімді құралы болғандықтан, оны кез келген тұтынушы өз ұялы телефонына жүктей алады. Аталмыш қосымшаға әрбір оқырман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тіркеледі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 197
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px