Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 23.11.2017

Еңбектері ескерусіз қалмады
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»
1986 жылғы Чернобыль апатының салдарын жою жұмыстарына мыңдаған қазақстандықтар қатысқаны мәлім. Ортақ істі «Отан алдындағы парызым» деп білген отандастарымыз бастарын бәйгеге тікті. Апатты залалсыздандыруға қарқаралылықтар да атсалысты.
Адамзат баласына ортақ мүдде болған осынау алапат апаттың орын алғанына биыл – отыз жыл. Жұмылған жұдырықтай Чернобыльда аса маңызды тапсырманы жауапкершілікпен атқарған ерлеріміздің ерен еңбегі елеусіз қалып жатқан жоқ.
Атаулы күнге орай, аудан әкімі Халел Мақсұтов сол жерде міндетін өтеген Ардақ Әбдікешов пен Айдар Смайыловты қабылдап, азаматтарға алғысын білдірді. 30 мың теңге көлеміндегі сыйақыны табыстап, ізгі тілегін жеткізді. Өз кезегінде әкімнің, елдің ыстық ықыласына разылығын білдірген азаматтар алғыстарын жеткізді.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 201
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1189
count 88x31px