Ел тілегін ескеріп... - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Ел тілегін ескеріп...
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Жолдың сапасы – ұтымдылық дәнекері. Бұл тұжырымға дау айту – қисынсыз. Оның астарында қалың қауымның тілегі жатқаны да күмәнсіз. Міне, осыны ерекше ескерген Абай ауданының әкімі Серік ШАЙДАРОВ қалаішілік орамдардағы көлік  жолдарының қазіргі ахуалына айрықша назар аударып, ертеңгі жай-күйіне бүгінгі күні көңіл бөліп отыр.  

Аудан басшысының тиісті құрылымдардың басшыларын ерте жүріп, қалаішілік жолдардың жағдайымен мақсатты түрде арнайы танысуы – соның айғағы.
Қаланы аралау барысында Серік Жаманқұлұлына көлік жолдарын жөндеуге қатысты жос­парлы жұмыстар хақында Абай қаласының әкімі Е.Қысрауынов егжей-тегжейлі әңгімеледі. Қала басшысының айтуынша, биылғы жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығы, Абай, Курчатов, Калинин көшелері мен Жеңіс даңғылы секілді 10 басты бағыттағы жолдарда ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Соған орай, конкурстық рәсімдерді дер кезінде өткізу мәселесі жоспарланған.
Сапар соңында аудан әкімі қала басшысына өткен жылдардың жекелеген «ащы сабақтарын» көңілге тоқи отырып, жөндеу жұмыстарының талапқа сай сапалы жүргізілуі мен әлеуетті орындаушылардың іс-қимылына үздіксіз әрі қатаң бақылау орнату қажеттілігін ескертті. Сонымен қатар, атқарылатын барлық жұмыстардың ауқымы жергілікті қоғамдастықпен келісілуін назарда ұстауды тапсырды.

АБАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 144
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px