ЕЛОРДАДА ҚАРСЫ АЛАДЫ - Орталық-Ақпарат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

ЕЛОРДАДА ҚАРСЫ АЛАДЫ
Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

 Көктем мерекесі әр жүрекке қуаныш нұрын сыйлайды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-не қарасты өндіріс орындарында еңбек ететін 12 қыз-келіншек 8 наурыз мерекесі қарсаңында Елордаға сапар шегеді. Мұнда олар арнайы өткізілетін салтанатты жиынға қатысып, құрметке бөленеді.
Бұған «Кәсіп Қазақмыс» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып отыр.
Өндірістегі тәжірибелі қыз-келіншек­тердің ішінде «Балхашцветмет» өндірістік бірлестігінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженері Фарида Қуатбекова, Саяқ кенішінің диспетчері Дина Жандетова, байыту фабрикасының кадр жөніндегі маманы Гүлнұр Айнатаева, «Шлакотвал» цехының учаске шебері Шұға Мантаева, тағы басқалары бар.
Еңбегі еленіп, гүл шоққа бөленетін қыз- келіншектердің алдағы уақытта да мәртебелері биіктен көріне беруіне тілектеспіз.
Балқаш қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 235
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px